Отандық футболдың туын биікте желбіретіп келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы»
кәсіби футбол клубы 2003 жылы құрылды. Ал, Шымкент футболының тарихы
тереңде жатыр.
Кеңес одағы кезінде «Еңбек» (1960 жыл) командасы болып құрылып, кейіннен
«Металлург» ( 1961 -80 жылдары), «Мелиоратор» ( 1981- 92 жылдары), «Жігер»
(1992-2000 жылдары), ал, 2000 жылы «Достық» атауымен жергілікті жанкүйерлердің жүрегіне жол тапты.
Жерлестеріміз 1998 жылдан
бері жоғары лига командалары
арасында 333 ойын өткізді. Оның 108-інде
жеңіске жетсе, 80 кездесу тең аяқталды.
Ал, 145 ойында жеңіліс тапты. Ел кубогы
жолындағы жарыстың 2007 жылғы финалында Қостанайдың «Тобылынан»
ұтылды. Сонымен қатар, 2010 жылы Қазақстан футбол лигасының кубогін жеңіп алды.
Енді,
шымкенттік футболшылардың әр жылдары қол
жеткізген жетістіктеріне тоқталсақ, 1994 жылы жерлестеріміз жоғары лига командалары арасында қола медалге
қол жеткізді. Ордабасылықтар 2003 жылы 6-шы орынды иеленсе, 2004 жылы 14-ші, ал, 2005 жылы 6-шы, 2006 жылы 13-ші, 2007 жылы 9-шы, 2008 жылы
12-ші, 2009 жылы 7-ші, сондай-ақ, 2010
жылы 8-ші орынға тұрақтады.
Команда сапында өнер көрсеткен Е.Пехлеваниди, Қ.Ордабаев, Ф.Салимов,
Б.Баймұхаметов, М.Кубиев, Б.Байсейтов, А.Талмачев, Қ.Мұсатаев, Т.Ихсанов,
Ш.Кенжебаев, Ф.Урдабаев, О.Воскобойников, Қ.Қарақұлов, А.Ваганов, А.Мокин,
Ұ.Асанбаев, Т.Нөсербаев, Қ.Әшірбеков, Ф.Ирисметов, А.Нұрғалиев сынды дара
футболшылар әр жылдары Қазақстанның
ұлттық құрама командасының намысын қорғады.
Әр жылдары команданы мынадай білікті
бапкерлер жаттықтырды: Ш.Хафизов,
Б,Байсейітов, Б,Баймұхамбетов, А.Дыжин, Ш.Кенжебаев, С.Каменский, С.Максимов,В.Масудов,
С.Шевченко, А.Ваганов, М.Брагонья, Й.Николич, В.Никитенко, В.Белявский.
Қазақстан футбол федерациясы
былтырдан бастап премьер-лига командалары арасындағы
кездесулердің күнтізбесіне бірқатар өзгерістер енгізді. Отандық футбол клубтарына УЕФА-ның талабына сай халықаралық PRO – дәрежесі бар жаттықтырушылар ғана бас бапкерлік қызмет
атқара алады. Осы талапқа сай «Ордабасы» командасын PRO – дәрежесі бар Анатоли Юреевич пен Владимир
Белявкий жаттықтырады.
Биыл
облысымыздың намысын қорғайтын «Ордабасы» кәсіби футбол клубы бірқатар жаңа ойыншылармен толықты. Олардың қатарында ұлттық құрамада өнер
көрсетіп жүрген Фархадбек Ирисметов пен Азат Нұрғалиев, Талғат Адырбеков бар. Сондай-ақ, шетелдік легионерлердің арасында
бразилиялық Перейра Кошта Вагнер, сербиялық қос футболшы Александр Трайкович
пен Иван Перич, Угандадан арнайы келген
Мвесигва Эндри, сонымен қатар, украиналық Артем Касьяновтар жасыл
алаңда жергілікті жанкүйерлерге тамаша өнер көрсететін болады.
Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасының алғашқы алтылыққа енуге мүмкіндігі бар,
сонымен қатар, талабы жоғары жанкүйерлерге тамаша жеңіс сыйламақ.
|
|