Новости клуба

11 марта «ОРДАБАСЫ» ЧЕМПИОНАТТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ. «ОРДАБАСЫ» ЧЕМПИОНАТТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ.

 «Ордабасы» - «Шахтер» 2-1

Гол салғандар: Е.Тұңғышбаев 22 (1:0), Кояшевич 51 (1:1), Нагаев 63 (2:1),

«Ордабасы» командасы кездесуді бірден шабуылмен бастады. Осының нәтижесінде ойынның 22-минутында тамаша гол салуға қол жеткізді. Оң  қанаттан  кезекті шабуылды бастаған Тимур Досмағамбетов айып алаңының ортасында тұрған Еркебұлан Тұңғышбаевқа әуелете пас шығарды. Осыны күткен жойқын шабуылшы Тұңғышбаев баспен бағыттап қақпашы Игорь Шацкий  қорғаған қақпаның торын тулатты. Есеп 1-0.

    Алайда, Қарағандының футболшылары бұл есеппен келіспейтінін білдіріп ойынның 51-ші минутында таразы басын теңестірді. Дамир Кояшевичтің шамамен 20 метрдей жерден орындаған айып соққысы өз нәтижесін берді.Қақпашы Ж.Нарзикұлов ешбір амал таба алмады. Есеп 1:1.    

        Ойынның екінші кезеңінде өз биігінен көріне алмаған С.Хижниченконың орнына  алаңға шабуылшы Иван Нагаев алмасып шықты.Алаңға шыққан бетте қақпаға лап қойған оның соққысына қақпашы тосқауыл қоя алмады. Есеп 2:1.

   Гол салуға қол жеткізген Иван Нагаев жарақат алып оның орнына грузиялық футболшы Джамбули Джигаури шықты. Дегенмен, таблодағы есеп осы күйінде сақталып қалды. Жергілікті жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. «Ордабасы» командасы чемпионатты тұсаукесер матчын жеңіспен бастағанын олар да жақсылыққа балады.

  Енді, жерлестеріміз 17-ші наурыз күні алғашқы  турда Алматының «Қайратына» қауқар көрсете алмай, жеңіп тұрып соңғы минуттарда есепті ұстай алмаған Петропавлдың «Қызыл-Жар СК» футболшыларымен кездеседі.

 «Ордабасы» командасына жеңіс тілейміз!     




comments powered by HyperComments

Матч-центр