Новости клуба

12 марта МАРДАН ТӨЛЕБЕК: «БҰЛ ЖЕҢІС ӨЗІНІҢ ЛАЙЫҚТЫ БАҒАСЫНА ИЕ БОЛДЫ». МАРДАН ТӨЛЕБЕК:   «БҰЛ ЖЕҢІС ӨЗІНІҢ ЛАЙЫҚТЫ БАҒАСЫНА ИЕ БОЛДЫ».

 

«ОРДАБАСЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ

          КАПИТАНЫ МАРДАН ТӨЛЕБЕК:

 «БҰЛ ЖЕҢІС ӨЗІНІҢ ЛАЙЫҚТЫ БАҒАСЫНА ИЕ БОЛДЫ»

 

  -Чемпионаттың тұсау кесер ойынында жеңіске жеткеніміз жанкүйер алдындағы сенімнің үдесінен шыққандай болды.  Дегенмен,ел біріншілігіндегі алғашқы ойын асқан қиындық туғызды. Өз алаңымызда бірінші рет бірлесіп ойын өткізген соң, аздаған қобалжулардың орын алғаны да рас. Дей тұрғанмен, қарсыластың осал жерін тауып екі бірдей гол салуға қол жеткіздік. Қонақтар бір ғана голмен жауап қайтара алды. Алғашқы матчты жеңіспен бастағанымыз өзінің лайықты бағасына ие болды. Келесі кездесу премьерлигаға жаңадан қосылған «Қызыл-Жар СК» футболшыларымен өтеді. Олар бірінші турда Алматыда «Қайрат» командасына қарсы қарсылық көрсете білді. Сондықтанда өз алаңымызда өтетін кездесу аса жауапты болмақ. Жан-жақты дайындықтарды бастаймыз. Жанкүйерлермен бірге жеңіске жетеміз!




comments powered by HyperComments

Матч-центр