Новости клуба

10 мая ҚАРҚЫНЫ ҚАТТЫ «ҚАЙРАТҚА» ҚАРСЫ ҚАРҚЫНЫ ҚАТТЫ «ҚАЙРАТҚА» ҚАРСЫ

 «Қайрат»- «Ордабасы» 2-0

Гол салғандар: Исаэль 18, Сильвейра 71.

 

    Тоғызыншы турдың орталық ойынына айналған матч,алаң иелерінің басымдығымен басталды. Соның бір айғағы болар, ойынның үшінші минутына дейін «Қайрат» үш бірдей бұрыштама добын беріп үлгерді. «Ордабасы» қарқыны қатты «Қайраттың» бұл шабуылына тойтарыс бергенімен голдан қашып кете алмады. Ойынның 18 минутында барзилиялық шабуылшы  Исаэль Барбозаның жойқын соққысы Нарзиқұлов қорғаған қақпадан табылды. Есеп 1-0.

     Жағдайды қалпына келтіру үшін Георги Дерменджиев шәкірттері де қарсы шабуылдар ұйымдастырып жатты. Нагаевтың  жеке шығып кетуге жасаған талпыныстарына алаң иелерінің қорғаушылары қырағылық танытып дер кезінде қарсы әрекеттер жасай алды.  

   Екінші кезеңде осындай бағытта өрбіді. Аршавин бастаған жігіттер «Ордабасы» қорғаушыларына бір тыным бермеді.Қонақтар қорғаныс арқылы үш рет қатарынан ұтымды шабуыл жасады. Дегенмен ойынға нүкте қоятын сұрмерген болмады.  Кездесудің 71- минутында матчтың  үздік ойыншысы Исаэль Барбоза уругвайлық Уго Сильвейромен пас алмасып  барып екінші голдың авторы атанды. Гол салған Сильвейро.  Есеп 2-0.

 «Ордабасы» осылайша өзінің басты қарсыласына қарсы шыға алмады.

Жерлестеріміздің ендігі қарсыласы Талдықорған қаласында  жергілікті «Жетісу» болмақшы. «Ордабасы» командасына табыс тілейміз!




comments powered by HyperComments

Матч-центр