Новости клуба

15 мая «ОРДАБАСЫ» ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ ЖЕҢІЛДІ. «ОРДАБАСЫ» ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ ЖЕҢІЛДІ.

«Жетісу» - «Ордабасы» - 4:2 (2:0)

 Гол салғандар: : Бойович Милан 28 (1:0) , Бойович Милан 45+1 11-метрлік  пенальти (2:0) , Бойович Милан 60 (3:0) , Джигаури Джамбули 78 (3:1) , Куклис Мантас 79 (4:1) , Джигаури Джамбули 90+3 (4:2) .

Әр тур сайын ойыны қиындап келе жатқан «Ордабасы» командасы үшін «Жетісумен» болған ойын тағы бір сынақ болды.Өйткені алаң иелері  асқан дайындықпен келгенін бірінші минуттан көрсете бастады.  Дмитрий Огай шәкірттері қос қанаттан қыспаққа алды. Осының нәтижесінде ойынның 28-ші минутында  Милан Бойович Камо Огенесянның пасын голға айналдырды. Есеп 1-0.

    Арада аз уақыт өтпей «Ордабасы» қорғаушылары қақпашының айып алаңына ентелеп кіріп келе жатқан Огенесянды шалып құлатты. Осы жерден белгіленген 11-метрлік айып добын Бойович мүлт жібермеді. Есеп 2-0

   «Дәніккеннен- құныққан жаман» демекші,»Ордабасының» осал тұсын тауып алған Бойович тағы сол Армян  Огенесян екеуі пас алмасып келіп үшінші голдың авторы атанды. Есеп 3-0

Қалың ұйқыдан енді оянған Георги Дерменджиев шәкірттері 55 минутта ойынға алмасып кірген Джугаури Джамбулидің арқасында есеп айырмасын қысқартты. Есеп 3-1.

    Есепті теңестіреміз деп алға кеткен қонақтардың қорғанысын қақ бұзып кеткен  Куклус Мантас төртінші голдың  иесі атанды. Төрт голды кіргізіп қақпашы қайда қарап тұрған деп күйзелген жанкүйерде есеп жоқ. Таблодағы есеп 4-1

    Дегенмен соңына дейін күрескен Джамбули  ойын аяқталып қосымша берілген уақытта екінші голын соқты. Қорытынды есеп 4-2

    Матч соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Георги Дерменджиев, «Тіпті не айтарымды білмеймін. Бұл биылғы маусымдағы команданың ең әлсіз ойыны болды. Команда бірінші таймда тіпті қарсылық көрсете алмады»-деді. 




comments powered by HyperComments

Матч-центр