Новости клуба

30 июня Астана - Ордабасы 5:3. "Астана" жасанды алаңның арқасында жеңіске жетті. Астана - Ордабасы 5:3. "Астана" жасанды алаңның арқасында жеңіске жетті.

Астана - Ордабасы 5:3 (3:1)

Голы: Диакате Абдуллай 9 пенальти (0:1) , Муртазаев Роман 34 (1:1) , Муртазаев Роман 36 (2:1) , Шомко Дмитрий 45+1 (3:1) , Бертольо Даниель 54 (3:2) , Бочаров Никита 82 (3:3) , Щеткин Алексей 90+1 (5:3) , Деспотович Джордже 90+5 (5:3) .

Предупреждения: Постников Евгений 10, Фонтанелло Пабло 22, Логвиненко Юрий 71, Бертольо Даниель 89, Ли Виталий 90+2.

Астана: Эрич Ненад (к), Аничич Марин, Кляйнхайслер Ласло (Станоевич Марко 86), Деспотович Джордже, Томасов Марин, Шомко Дмитрий, Логвиненко Юрий (Мужиков Серикжан 74), Бейсебеков Абзал, Постников Евгений, Зайнутдинов Бактиёр, Муртазаев Роман (Щеткин Алексей 85).

Резерв: Мокин Александр, Павлов Станислав, Шитов Игорь, Перцух Юрий, Малый Сергей, Прокопенко Владислав.

Ордабасы: Лория Давид, Спахия Хрвое, Фонтанелло Пабло, Диакате Абдуллай, Ковальчук Кирило, Бертольо Даниель, Нагаев Иван (Джигаури Джамбули 19, Бочаров Никита, 74), Толебек Мардан (к), Досмагамбетов Тимур, Жаксыбаев Улар, Тунгышбаев Еркебулан (Ли Виталий 83).

Резерв: Нарзикулов Жасур, Даутов Дамир, Ерланов Темирлан, Аширбеков Кайрат, Шамши Самат, Сулей Алишер.

Главный судья: МОСКОВЧЕНКО Григорий (Павлодар). Ассистенты: БЕЛЬСКИЙ Евгений (Тараз), ДАУАНОВ Ардак (Алматы). Резервный судья:ЧЕХОВСКИЙ Георгий (Астана).

30 июня, 2018, 16:00 . Астана, "Астана Арена". 6000 зрителей.

 

 

Шымкенттіктер ойынды өте сәтті бастады. Иван Нагаевтың қатарынан бірнеше рет додадан шеке шығып кетуі қонақтарға серпін берді.Есепті "Ордабасы"командасының шабуылшылары ашты.Жойқын шабуыл бастаған Иван Нагаевты алаң иелір шалып тоқтатты.Пенальти.
Голды 11-метрлік пенальти арқылы Абдулай Диакате салды. Есеп 0-1 
Кездесуді жойқын шабуылдармен бастаған Каxабер Цxададзе шәкірттері бұдан соң да тамаша мүмкіндікке ие болды.Еркебұлан Тұңғышбаевтың жеке шығып барып жасаған соққысын Ненад Эрич қайтарды,қайыра соққан Бертольенің добы қақпаға дарымады. "Астана - Арена" стадионының жасанды төсеніші Иван Нагаевтың жарақат алуына себеп болды.Оны Джугаури алмастырды.Дегенмен "Астана" аз уақыт салмай есепті теңестіріп кетті.Кезекті шабуыл кезінде Роман Мұртазаев қонақтардың айып алаңында тұрып әуедегі допты баспен бағыттап Давид Лория қорғаған қақпаның кілтін тапты.Араға бір минут салып тағы сол Р.Мұртазаев жеке-дара шығып барып өзінің екінші голын қақпаға дарытты.Есеп 2-1.
Қаxарына мінген "Астана" футболшылары тағы бір гол салды.Ойынның бірінші кезеңінің бітуіне санаулы секундтар қалғанда Дмитрий Шамко үш бірдей ойыншыны алдап барып тамаша гол салды.Бір қараған адамға қақпашы Лория дәрменсіз қалған секілді көрінді. 3-1
Екінші таймды шабуылмен бастаған "Ордабасы" тағы бір гол салуға қол жеткізді.Қақпа алдындағы қарбаласта Бертолье тобырдың ортасынан суырылып шығып есеп айырмасын қысқартты.Есеп 3-2
Гоооол! Айтып-айтпай не керек Н. Бочаровтың бұл голы өте керемет шықты.Әлем чемпионатындағы тамсана айтатын голды көз алдымызға келтірді.Айып алаңында ойқастаған "Ордабасының" пас алмасуы керемет голмен қорытыланды.Есеп 3-3.
Ойынның негізгі уақыты бітті.Қосымша бес минутта Астана екі гол салды.Алғашта А.Щеткин баспен бағыттап есепті 4-3 жеткізсе,араға бір минут салып Д.Деспотович команданың толықтай жеңіске жетуіне ықпал етті.Есеп 5-3.
Бұл чемпионаттың ең үздік матчы болды."Астана" жасанды алаңның арқасында жеңіске жетті.Енді жерлестеріміз өз алаңында "Қайсар" командасымен кездеседі.




comments powered by HyperComments

Матч-центр