Новости клуба

01 октября ТИМУР ДОСМАҒАМБЕТОВ: «ӨКІНІШКЕ ОРАЙ БІЗ САЛА АЛМАҒАН МҮМКІНДІКТІ «ТОБЫЛ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ» ТИМУР ДОСМАҒАМБЕТОВ: «ӨКІНІШКЕ ОРАЙ БІЗ САЛА АЛМАҒАН МҮМКІНДІКТІ «ТОБЫЛ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ»
«Ордабасы» командасының  жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов 28-ші   турдағы  «Тобыл»-«Ордабасы» 1-0 матчына орай пікірімен бөлісті: 

- Командадағы әрбір ойыншы алаңға шығар алдында, кездесудің аса қиынға соғатынын білді. Біздің командаға жеңіс ауадай қажет екенін де білді. Сондықтан әрбір жасалған мүмкіндікті бос жібермеуіміз керек еді. Оны біз істей алмадық. Есесіне «Тобыл» өз мүмкіндігін қолдан шығармады. Біз сала алмамаған сәтті, алаң иелері  жүзеге асырды. Соңғы ойындарда неге екенін көзге көрінбейтін қолайсыздықтарға тап келіп жатырмыз. Осы үшін жанкүйерлерден өтінерім, біз сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз.Бірге болыңыздар.Осы бір қолайсыз қиын күндерде  бізді қолдауларыңызді өтінемін. Бізге сеніңіздер!




comments powered by HyperComments

Матч-центр