Новости клуба

29 октября Мирзад Меxанович: "Біз екінші таймда ойынның қарқынын арттырғанымызбен тең есептен аса алмадық". Мирзад Меxанович: "Біз екінші таймда ойынның қарқынын арттырғанымызбен тең есептен аса алмадық".
 "Ордабасы" командасының орталық қорғаушысы Мирзад Меxанович «Ордабасы» - «Шахтер» 1:1 матчына орай өз ойымен бөлісті:

- Бүгін біз аса қиын матчта кездесу өткіздік.Мақсатымыз тек жеңіске жету болатын. Ойынның бірінші жартысында көңілдегідей ойнадық, онымыз жүзеге асып жанкүйер күткендей керемет гол соқтық. Біз қарсыластың қақпасына ұдайы шабуылымызды жалғастырдық.Алайда әлі де есепті ұлғайтудың мол мүмкіндіктері бар еді.Соны жасаймыз деп жүргенде, ойламаған жерден өз қақпамызға доп жіберіп алдық.Екінші таймның соңына қарай, ойынның қарқыны артты.Дегенмен тең есепті өзгерту мүмкін болмады. Енді біз қалған кездесулерде жеңіске жету үшін жан-жақты дайындаламыз.

 

 




comments powered by HyperComments

Матч-центр