Новости клуба

05 ноября Каxабер Цxададзе" Бізге тек жеңіс керек болды". Каxабер Цxададзе" Бізге тек жеңіс керек болды".
"Ордабасы" командасының бас бапкері Каxабер Цxададзе "Қызылжар" СК - "Ордабасы" 1:2 матчына орай пікірін білдірді:

- "Қызылжар"СК командасы премьер-лигада қалуы үшін күрескен аса тартысты ойын болды. Біздің команданың футболшылары барынша күш-жігерін салып тамаша жеңіске қол жеткіздік.Олардың орындалуындағы стандарттар қалай қауіпті екенін бірнеше рет көрдік.Өкінішке орай, дәл осы стандарттан біз гол жіберіп алдық. Екінші таймда біз көрсеткен футбол, ойыншылардан талап етілген тактика болды.Бірнеше жақсы сәттер өткізген шәкірттерім, бастаманы қолға алып екі бірдей гол салуға қол жеткізді.Бізге тек жеңіс керек болды.Сол мақсатымызға жеттік. Матч соңында орталық қорғаушының орнына екінші орталық форвардты шығардым.Неманья Коич ойынға алмасып шығудың қалай болуы керек екенін көрсетті. Ол командаға жеңіске жету үшін көмектесті.Бұл өте маңызды жеңіс. Өз шәкірттерімді лайықты жеңістерімен құттықтаймын!




comments powered by HyperComments

Матч-центр