Новости клуба

12 ноября КАХАБЕР ЦХАДАДЗЕ: "БАРЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ҚАРАМАСТАН, МЕНІҢ ФУТБОЛШЫЛАРЫМ ҮЛКЕН ЖҰМЫС АТҚАРДЫ". КАХАБЕР ЦХАДАДЗЕ: "БАРЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ҚАРАМАСТАН, МЕНІҢ ФУТБОЛШЫЛАРЫМ ҮЛКЕН ЖҰМЫС АТҚАРДЫ".
"Ордабасы" командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе  "Ордабасы"-"Атырау" - 1:0  матчынан кейін болған баспасөз мәслихатында бүгінгі ойынды ғана емес, тұтас чемпионатты қорытындылады:

- Бүгін біздің ойын маусымдағы  ең үздік матч  болды.  Менің ойымша, өте әдемі ойын, біз тамаша және қорғанысты шабуылды ақылмен үйлестіре білдік. Жалғыз нәрсе жетпеді, ол өз орнымызды сақтап медаль ала алмағанымыз. Команда соған лайық еді. Өз шәкірттеріме алғыстан басқа айтарым жоқ.Оларға  үлкен рахмет. Мен үшін батырлар сынды өрлікпен  өте үлкен жұмыстартар атқарды. Біз команданы құрдымға кеткен жағдайдан, психологиялық және физикалық тұрғыда қиындыққа тірелген тұста  қабылдадық, барлық бағыттар бойынша жоспарланған лайық жұмыс жасай алдық деп мақтанышпен айтам. Менің ойымша, бүгінгі  әдемі ойын бізге ғана емес, команда  жанкүйерлеріне де  ұнады. Алдағы маусымда да осындай жүйелі жұмыстарымыз жалғаса береді!




comments powered by HyperComments

Матч-центр