Новости клуба

27 февраля НИГЕРИЯЛЫҚ ДОМИНИК ЧАТТО «ОРДАБАСЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ НИГЕРИЯЛЫҚ ДОМИНИК ЧАТТО «ОРДАБАСЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

  «Ордабасы» командасы тағы бір мықты футболшымен толықты. Ендігі жерде құрама сапында нигериялық, Швед азаматы, орталық қорғаушы 30 жастағы  Доминик Чатто өнер көрсетеді. Доминик Чаттоның бойы 181 см.салмағы 75 келі.  Доминик Чатто:  - Мен бұған  дейін де үш елдің клубтарында футбол ойнап тәжірибе жинақтадым.Ал,Қазақстанда тұңғыш рет «Ордабасы» сапында бағымды сынап көрмекпін. Облыс жанкүйерлері алдында өзімнің біліктілігіммен, шеберлігімді көрсетемін деп ойлаймын.Мен, осы командамен келісім-шарт жасағаныма өте қуаныштымын.Оңтүстік Қазақстан футболын биікке көтеруге өз септігімді тигіземін.Оны чемпионат барысында көрерміз.

            Сонымен қатар клуб басшылығы  «Ордабасы» командасының өткен жылдардағы ең үздік футболшыларының бірі хорватиялық Эдин Юнузовичпен тағы бір жылға келісім-шартты ұзартты.Шабуылшы Эдин Юнузович 29 жаста. Бойы 187 см.салмағы 87 келі.Ол бұған дейін Хорватия,Словения, Ресей, Корея  сынды елдерде өнер көрсетті. Қазақстанда «Ордабасыдан» басқа талдықорғанның «Жетісу», қызылорданың «Қайсар», командаларында ойнаған.Э.Юнузович Қазақстан премьерлигасында қарсыластар қақпасына 33 гол соғыпты . 18-голы «Ордабасы» командасының еншісінде.Эдин Юнузович: -Тағы да Шымкент қаласында ойнайтыныма өте қуаныштымын. Бұл қала, менің сүйікті қалама айналып кетті. Өз командамыздың биіктен көрінуіне бар күш-жігерімді саламын. Жанкүйерлермен жарқын жеңістерді бірге тойлайлаймыз деп ойлаймын.

     «Ордабасы» командасы чемпионаттың алғашқы ойынын 13-наурыз күні өз алаңында Ақтөбе қаласының «Ақтөбе» футболшыларымен бастайды.




comments powered by HyperComments

Матч-центр